Өлең, жыр, ақындар

Айлық пен тұрмыс: теңгерімсіздік

   Айлықтың адам өміріндегі маңызы өте зор. Ресми деректер бойынша Қазақстан халқының 2,6% -ы кедейшілікте өмір сүруде. 2025 жылғы деректерге сүйенсек ең төменгі жалақы 85 000 теңгені құрайды.  Бұл жалақты бір айдан екінші айға жеткілікті ме? 85 000 теңге ге халық өмір сүре алады ма?

   Finprom.Kz жазуынша,алдыңғы жылы алғашқы тоқсанда азық-түлік пен сусындарға, адам басына шаққанда және орташа есеппен алғанда 123,1 мың теңге жұмсалған. Ал осыдан 5 жыл бұрынғы есеппен алғанда, яғни 2019 – ыншы жылмен, орташа есеппен 72,3 мың теңге жұмсайтын. Бұл осы жылғы көрсеткіштен 44,9% кем. Ең төменгі айлық алатын және көп балалы отбасыларға бұл айлық жетпейді. Сондықтан несие мен займдар көбейіп кетті. Әр отбасыда 4 баладан жоғары болса ғана көп балалы статусына кіреді. 85 000 теңгені адам басына санағанда ( ата-анасымен қоса алғанда ) – 14 166 теңгені құрайды, ал артық шығындарды кім өтейді? Санымен есептелетін айлық сапасын көрсетпейді. Балабақша, киім-кешек, дәрі үшін орташа жалақыны алған жағдайда дажетіспеушілік бар. Себебі баға өсті, жалақы төмен, мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмек аз. Сондықтан айлықты өмір сапасына сай көтеру немесе әлеуметтік қолдауды арттыру қажет.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абзалқызы Шахназ 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз